Қытайдың ұлттық армиясы командасындағы қазақ балуаны сұхбат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдың ұлттық армиясы командасындағы қазақ балуаны сұхбат берді

Қытайдың ұлттық армиясы командасындағы қазақ балуаны сұхбат берді

 

  • 25 Тамыз 2018
  • 88
Фото - Caravan.kz

Қытайдың ең негізгі ұлттық армиясы Азаттық армия атынан мемлекеттік, халықаралық жарыстарға қатысып, бүкіл әскерилердің намысын қорғап жүрген қазақ азаматы Әлмұрат Дарубайұлының Қытайдағы «Орталық Халық Радиосының» әлеуметтік желісінде видео-сұхбаты жарияланды деп жазды ҚазАқпарат.

Сұхбат барысында Әлмұрат жаттығулары, жақында қатысқан әскерилердің халықаралық чемпионаты туралы, балуандықтың қыр-сыры жайында кеңінен әңгімелейді. Таяу уақыт ғана бұрын Македонияда өткізілген әскерилердің әлемдік спорт бәсекесінде қытайлық армия атынан қатысқан балуандар құрамасында осы жарысқа барып қайтқан үш қазақ азаматының бірі — Әлмұрат.

Одан басқа Мұратбек, Қуатбек есімді екі қазақ балуаны команда сапында өнер көрсеткенін жазады аталған ақпарат көзі. Әлмұрат Дарубайұлы 2013 жылы Шандұңда грек-рим күресінен мемлекеттік чемпионатта 96 келі бойынша үшінші, 2014 жылы Жинанда жастардың мемлекеттік чемпионатында 98 келі салмақ бойынша бас жүлдені қанжығаласа, 2015 жылы Ішкі Моңғолда грек-рим күресінен халықаралық чемпионатта 98 келі бойынша бас жүлдегер, 2016 жылы Саншиде грек-рим күресінен мемлекеттік чемпионатта 98 келі бойынша тағыда бас жүлдені еншілеген болатын. Ол қазір де Азаттық армия атынан жарысқа қатынасып тұрады. «Балуандық қазақ ұлтының қанында бар өнер, Қажымұқан, Балуан Шолақтардың ізін басып, күш пен техниканың, ақыл мен өнердің үздік үлгісін көрсетіп жүрген балуандарымыз қаншама. Бразилияда өткен олимпиядаға еліміз атынан қатынасқан Ерланбек Кәтейұлы бәрімізді қуантып, алар асуының әлі алда екенін көрсетті. Жуырда ғана Шынжаңдағы Моңғолкүре ауданында қазақ күресінен әлемдік деңгейде VI чемпионат өткізіліп, Еуразия мен Африкадағы 22 мемлекеттен келген 100-ден астам балуан бағын сынап, қазақ күресінің мерейін асырды.

Бүгін сұхбатымызға келіп отырған Әлмұрат сынды жас балуандарымыз да, ертең ағаларының жолын қуып, биік белестерді бағындырады деп сенеміз» деп түйіндейді cnr.cn ақпарттық порталы.


 

Соңғы жаңалықтар