Оның бесеуі бала. Кішісі әлі 3 айға да толмапты. Жолаушылардың барлығы дерлік дереу аурухана жеткізіліп, дәрігерлік көмек көрсетілді. Қас қарая жолға шыққан қытайдың жүк көлігі шатқалдан құлдилап түсе бергенде, тоқтай алмай қарама-қарсы беттегі екі бірдей «Газель» көлігіне соқтығысқан. Одан кейін төрт бірдей жеңіл көлікті жаншып өткен. Тізгіндегі жүргізуші бар кінәні тежегіштен көріп отыр. Айтуынша, қанша тырысқанымен іске қоса алмапты.
Әсия Түгелбаева, зардап шегуші:
— Қызымның бет-аузы тілімденіп кеткен. Баламды бауырыма қатты қысып отырып аман алып қалдым. Әрі қарай не болғаны есімде жоқ. Күйеуім көліктің ішінен сүйреп алып шықтым дейді.