Қытайларға қарсы Ресейдегі Тува түркілері де көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайларға қарсы Ресейдегі Тува түркілері де көтерілді

Қытайларға қарсы Ресейдегі Тува түркілері де көтерілді

Бұл Ресейдің Тува Республикасындағы кен орындардың бірінде болған оқиға. Онда жергілікті түркі халықтарының бірі саналатын тывалар Лунси

  • 26 Шiлде 2017
  • 2423
Фото - Caravan.kz

Бұл Ресейдің Тува Республикасындағы кен орындардың бірінде болған оқиға. Онда жергілікті түркі халықтарының бірі саналатын тывалар Лунсин кеншінде басшылық қызметте істейтін қытайлық азаматты соққыға жығып, жауап алған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Ал видеоны желіге Борис Мышлявцев есімді фейсбук қолданушысы жүктеген.

Мәліметтерге қарағанда кінәлі қытайлық менеджер жігіт алдында тұрған ұлты тыва жұмысшы қызды анасымен бірге жер жебіріне жетіп балағаттаған. Бұған дейін де қытайлықтардан әбден қорлық көріп келген жұмысшылар бұған шыдамай әлгіні ұрып-соғып жазаламақ болады. Видеода ашулы жұрттың «еліңе кет» дегені анық естіледі.

Ал Лунсин Тувадағы қытайлықтар сатып алған кен орны. Онда жергілікті тұрғындармен қатар қытайлық жұмысшылар да көптеп жұмыс істейді.


ВОССТАНИЕ ПРОТИВ КИТАЙЦЕВ В ТУВЕ: Началось. Я предупреждал местное Агентство по делам национальностей: вы не компетентны, вы не рулите ситуацией. Социальная напряженность переходит в межнациональную. Про ужас на Лунсине я писал еще весной. Шолбан Кара-оол довел ситуацию до жесткого конфликта со "стратегическим партнером РФ". Что, ему даже это сойдет с рук? Это уже совсем дно. Станция Дно — там арестовали последнего русского царя. Его же друзья-родственники-подчиненные. Потом царя убили вместе с семьёй. ЧТО ТВОРИТ КАРА-ООЛ? Как это вообще возможно????? Репост, максимум. Надо, чтобы люди знали о происходящем.

Posted by Борис Мышлявцев on Friday, 21 July 2017

Акцияларын қытайлықар сатып алған кәсіпорындар мен мұнай компаниялары елімізде де бар. Бұған қоса билік жуырда 50 қытай зауытын Қазақстанға көшіру туралы уағдаластыққа де қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар