Қытайлық хирургтар салмағы 110 келі ісікті алып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайлық хирургтар салмағы 110 келі ісікті алып тастады

Қытайлық хирургтар салмағы 110 келі ісікті алып тастады

37 жастағы қытайлық Ян Цзянбин оң жақ бүйірінде қалмен өмірге келген. 9 жасқа толған кезінде қал кенеттен ұлғая бастаған. 12 жасында оның көлемі жұдырықтай болып өсіп кеткен. Осыдан кейін дәрігерлер қалды операциялық жолмен алып тастаған.

  • 10 Шiлде 2014
  • 432
Фото - Caravan.kz


Алайда отадан соң ісік қайта пайда болып, қарқынды түрде өсе бастады. Жақында бұл азамат ісікті қайта кескізуге бел буған. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, аталған ісіктің салмағы бүгінде 110 келіген жеткен.

Ян Цзянбинге нейрофиброматоз диагнозы қойылды. Әдетте осы індеттен туындайтын ісік осынша үлкен болмайды екен. Қытайлық азамат еш қимылсыз бір орында отыра берген, ісік үлкейіп кеткен.

Ісікті алып тастау үшін 9 маман тартылып, олар 16 сағат бойы ота жасады. Қазіргі кезде ер азаматқа оңалту шаралары жүргізілуде. Ол жақын арада үйіне жіберілмек.