Қытайлық корпорация алып кеме пішіндес ғимарат тұрғызды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайлық корпорация алып кеме пішіндес ғимарат тұрғызды

Қытайлық корпорация алып кеме пішіндес ғимарат тұрғызды

Қытайлықтар «Стартрек» телехикаясындағы кеме пішіндес штаб-пәтер тұрғызды. Бейнеойындар шығарумен айналысатын корпорация бұл ғимаратты салар алдында «Стартректі» түсірген америкалық компаниядан рұқсат алыпты. 

  • 22 Мамыр 2015
  • 278
Фото - Caravan.kz

Енді  Enterprise кемесіне ұқсас ғимарат Қытайдың шығысындағы Чанлэ (Фучжоу) қаласының тұрғындарын таң қалдыруда, деп хабарлайды 24.kz. Корпорация басшысы Лю Дэцзянь штаб-пәтерді дәл осы пішінде салу үшін құқықты америкалық CBS телерадиожелісінен сатып алған екен. Оның 6 жыл бойы жүргізілген құрылысы 2014 аяқталды. Жобаны іске асыру үшін 160 миллион доллар жұмсалды, деп жазады newsru.com.  Бүгінде қытайлық штаб-пәтер «Стартрек» стилінде салуға лицензия алған әлемдегі жалғыз ғимарат болып табылады.