Қытайлық миллиардер мыңдаған кедей-кепшікті мейрамханада түстенуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайлық миллиардер мыңдаған кедей-кепшікті мейрамханада түстенуге шақырды

Қытайлық миллиардер мыңдаған кедей-кепшікті мейрамханада түстенуге шақырды

Жомарттығымен аты шыққан қытайлық миллиардер Чэнь Гуанбяо күнкөріс жағдайлары төмен мыңдаған америкалықтарды Нью-Йорктегі мейрамханада өзімен бірге түскі ас ішуге шақырды.

  • 19 Маусым 2014
  • 356
Фото - Caravan.kz

Дәмді түскі астан басқа қайырымдылық шараға келген әр адамға қосымша сыйлық — 300 доллар көлемінде қаражат салынған жабықхат берілмек.

«Осылайша Қытайда байлықтың буына мастанбаған атына лайықты қайырымды жандар бар екенін көрсеткім келеді», — деп ағынан жарылды миллиардер South China Morning Post газетінде.

Оның айтуынша, бұл шақыруға күні бүгінге дейін 250-ден астам адам үн қатқан. Қайырымдылық асы 25 маусымда Нью-Йорктің Орталық саябағындағы «Боат хаус» мейрамханасында өтеді. Кеш иесі өз қонақтарына Майкл Джексонның «We Are the World» хитін орындап бермекші.