Қытайлық Қазақтар - қазақтардың ішіндегі ең қиын халық - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайлық Қазақтар - қазақтардың ішіндегі ең қиын халық

Қытайлық Қазақтар - қазақтардың ішіндегі ең қиын халық

Қытай қазақтарының аты қазақ болғанымен, ділі (менталитет) басқа.

  • 5 Ақпан 2019
  • 469
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы блогер Аяз Би өзінің Facebook парақшасында жазған, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қытайлық Қазақтар — Қазақтардың ішіндегі ең қиын халық. Аты Қазақ болғанмен ділі (менталитет) басқа. Жат жерде жүріп, сан жылдан бері қалыптастырған өмір сүру дағдысын түсіну қиын. Өзара түсінісуден бұрын есеп-қисапты алға қояды. Өзі тегін жер қазып беруін өтініп, абайсызда күрегін сындырып алсаң күректің құнын төлетуге бар. Заңда жазылмаған қайырымдылық сезімі (чувство благодарности) дегенді біле бермейді. Ауызекі тілде айтсақ "понятие" жоқ. Кей қытайлық Қазақтардың өзі өз жерлестерімен жұмыс істескісі келмейтінін бір рет емес, сан мәрте естідім. Бар себебін қытайлық Қазақтардың сөзі көп, пасық, һәм ләкин надандығымен түсіндіреді. Сөз көп жерде дау көп. Сол себепті өзара дауы да, жыры да бітпейді…. 
Кіріспе сөзсіз іске көшсек Сайрагүл қайырымдылық сезімін ысырып тастапСәуле апай мен 
Абзал
 ағамызға үлкен қиянат жасап отырғаны сау ақылға мәлім. Бірақ қиянат жасауына өзі емес, жоғарыда айтқан кемпір беріп, қыз алғысы келетін этнопсихологиясы негіз болса керек. Сол себепті болған уақиға баршамызға ауыр тисе де, түсіністікпен, сабырмен қарайық. Таспен ұрғанды аспен ұр дегендей-ақ Сайрагүл ханымға Тәңір жар болсын. Ал Жарқын Жетінің "Қазақты құтқарам" деген ниеті түзу болғанмен, атақ шығарғысы келетін пейілінің қисық екені сырт көзге көрініп тұр. 
P. S. Құрметті қытайлық қандастар! "Аяз Би біз туралы қатты айтты" деп ренжімегін. Өзім қытайлық болмасам да, әкем қытайлық. Сол себепті қатты айтуға хақым бар", — деп жазған блогер.

Соңғы жаңалықтар