Қытайлық қыздар Димашты қазақтарға бермейтінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайлық қыздар Димашты қазақтарға бермейтінін айтты

Қытайлық қыздар Димашты қазақтарға бермейтінін айтты

Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергенді бетінен сүйіп жатқан бойжеткеннің фотосы тарады. Мұны көрген қытай қыздары бойжеткеннің әрекетін жақтырмай қалды.

  • 4 Қазан 2017
  • 1703
Фото - Caravan.kz

«Өтініш, Димашты сүймеңіз», — деген жазумен жария етілген фотоны Димаштың қытайлық фан-парақшаларының бірі жария етті.

«Бұл қыз кім? Біздің періштені сүюші болма», «Табынушысы болса қайтейін, әр жанкүйері оны осылай сүйе бере ме, сонда», — деп күйінді желі парақшасында қытайлық жанкүйерлері.

Сол арада екінші желі қолданушысы бұлай сүйісіп-амандасу ел мәдениетінің бір ерекшелігі екенін алға тартып, қытайлық қыздарды сабырға шақырды.


«Бұл амандасу емес. Ол қыз Димашты еркінен тыс сүйіп алды, мен өз көзіммен көрдім. Қытайлық жанкүйерлері мұны түсіне алмайды. Қытайлық табынушылары оны қанша жақсы көрсе де, сүйісуге күштеген емес», — деп ренішін білдірді өзге пікір қалдырушы.