"Қытай-Қазақстан-Кавказ-Еуропа" пойызын іске қосу мамырда белгілі болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қытай-Қазақстан-Кавказ-Еуропа" пойызын іске қосу мамырда белгілі болмақ

"Қытай-Қазақстан-Кавказ-Еуропа" пойызын іске қосу мамырда белгілі болмақ

Қазақстан аумағы арқылы да өтетін Қытай –Еуропа контейнерлік пойызын іске қосу туралы үкіметаралық келісімге биыл мамыр айында қол қойылады.

  • 20 Наурыз 2014
  • 415
Фото - Caravan.kz

Қазақстан – Каспий – Кавказ – Түркия – Еуропа контейнерлік пойызын іске қосуға бағытталған Silk Wind жобасы бойынша Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Грузия үкіметтері арасындағы келісімге 22 мамырда VII Астаналық экономикалық форум шеңберінде өтетін «ТрансЕвразия-2014» транзиттік-транспорттық әлеует жөніндегі тоғызыншы халықаралық конференция барысында қол қойылуы мүмкін.

Конференция жұмысына 20-дан астам елден 300-ге жуық делегат қатысады, оның ішінде Еуропа, Азия, ТМД, Балтық елдері көлік ведомстволарының өкілдері, дипломатиялық корпус басшылары, 15-ке жуық халықаралық және қаржылық ұйымдардың өкілдері,100-ге жуық шетелдік көлік компаниялары мен Қазақстанның 60-тан астам ірі компаниялары қатысады.

20 мен 22 мамыр аралығында Астананың «Көрме» орталығында "Транзит Қазақстан-2014" халықаралық көрмесі өтеді. Онда Еуразиялық аймақтың көлік индустриасының соңғы жетістіктері ұсынылады.


"ТрансЕвразия-2014" халықаралық конференциясы 1997 жылдан бастап көлік инфрақұрылымын дамытуды талқылаудың, еуразиялық бағыттағы транзиттік тасымалдау көлемін жандандырудың, транзитке арналған транспорттық және логистикалық жүйені көрсету алаңы болып табылады.