Қыздарды гипноздап, төсекке тартуда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыздарды гипноздап, төсекке тартуда

Қыздарды гипноздап, төсекке тартуда

Қызды өзіңе қаратудың қорықынышты тәсілі!

  • 30 Мамыр 2019
  • 329
Фото - Caravan.kz

Бұрымдыны гипноздап, бұйрығыңа бағындыруға көмектесетін коуч тренелер қаптап барады. Олар әуелі әлеуметтік желіге жақсылап жарнама беріп, кейін бойжеткенге баруға батылы жетпейтін жігіттерді жинап, сабақ өткізеді. Курс барысында нәзік жанның ниетін өзгертіп, тіпті төсекке тартудың түрлі тәсілін меңгертеді екен.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Қыз сені ұмытпайтындай, оның есінде қалу үшін не істеу керек? Шын жанашыры бола алсаң, шәйді сораптап қойеееп сырласатын досына айна аласаң, қыз сені ешқашан ұмытпайды ғой! Бірақ… Бұл ескірген таным деп күледі! Қазір жігіттердің айтары: Ұмытпасын десең, ұмытпайтындай жасау керек,-дейді. Осындаймыз. Осындай болғаннан соң ғой, қызға ұмытпастай түн сыйлауды үйретем дейтін тренингтер көбейіп барады…Сондай сорақы  үйірменің біреуі, инстаграмдағы жастарды былғап, бұзып жатыр.

НИКОЛАЙ  ГИПНОЗ АРҚЫЛЫ АДАМДЫ ЕРКІНЕН АЙЫРУ ТРЕНЕРІ:
«Представь девушка приходит к тебе поужинать. А ты даришь ему такое ощущение, что она никогда не испытывала, не одним мужчиной. Хочешь научиться такому»

Жәй кездесуге келген қызды гипноздап ал. Сосын саусақты шырт еткізсең,  қыз төсекке құлай кетеді. Сосын, білгеніңді істе дейді. Қорқынышты иә?! Гипноздауға үйрететін тренингтерге қатысатындар көбейіп кетсе, не болады? Ең әуелі, қияяял боп жүретін бозбаланың ниеті  бұзылады. Қарындастарды бұзады. Ең сорақысы, күйеуі бар әйелдерді гипноздап, қол жүгіртсе не болады? 


ЕЛНҰР ТОҚЫШЕВ  ЗАҢГЕР:
«Бұның арты не болады? Мысалы адам гипноздың состояниесінде болса, оған кім көрінген зияндық келтіруі мүмкін. Әйелдің ар-намысын таптау былай тұрсын, физикалық та зияндар келтіруі мүмкін. Кім біледі, гипноздап алған соң, біреу емес, бес-алтауы жабылса. Кейін осы видеомен шантаждар шығуы мүмкін. Ар-ұяттан аттап кеткен адам, ештемеден тайынбауы мүмкін».

Ішкі істер министрлігіне хабарласқанбыз. Әйел гипноздалып, зорланды деген шағым түскен жоқ. Қылмыс тіркелмейінше, ештеңе айта алмаймыз деп отыр. Шағым түсе бастағанын күтіп отырсақ, гипнозбен қыз бұзу қайтымсыз процеске айналып кетпей ме?  Тездетіп, мынау рұқсатсыз гипнозға үйрету тренингтеріне тиым жасау керек. 

Соңғы жаңалықтар