Жарияланды: 160

Қызды күшпен итеріп жіберді: атышулы видеодағы ер адамның кім екені анықталды

Қызды күшпен итеріп жіберді: атышулы видеодағы ер адамның кім екені анықталды

Полиция кішкентай қызға жәбір көрсеткен видеодағы ер адамды іздеп тапты

 Ақтау полициясы кішкентай қызға жәбір көрсеткен ер адамның кім екенін анықтады, деп хабарлайды Лада басылымы.

Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме беріпті.

Ведомство хабарлағандай, баланы итеріп жіберген ер адамның кім екені белгілі болған. Ол кішкентай қыздың туған ағайы болып шықты.

Тәртіп сақшылары жігітпен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Атышулы видео: қызды қатты итеріп жіберді

Ақтау қаласының 17-ші шағын ауданында "Айрақты" тұрғын үй кешені жанында болған жайтты видеоға оқиға куәгері түсіріп алған.

Бейнежазбада ер адам кішкентай қызды көліктен алып шығады да, бар күшімен итеріп кеп қалады. Бүлдіршін құлап түсіп, тәлтіректеп тұрып, екінші көлікке қарай ұмтылған.

Кейінірек полиция роликтің жағымсыз кейіпкерін іздеуге кірісті.



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін