"Қыздың пәктігі бұзылмай қалуы мүмкін бе?" Сексолог Әнел Нұржаубаева ұят саналатын сұрақтарға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қыздың пәктігі бұзылмай қалуы мүмкін бе?" Сексолог Әнел Нұржаубаева ұят саналатын сұрақтарға жауап берді

"Қыздың пәктігі бұзылмай қалуы мүмкін бе?" Сексолог Әнел Нұржаубаева ұят саналатын сұрақтарға жауап берді

Көпшілік ұят санайтын сауалдарға әлеуметтік желіде жауап берді

  • 2 Желтоқсан 2020
  • 938
Фото - Caravan.kz

Белгілі сексолог Әнел Нұржаубаева өзінің инстаграм әлеуметтік желісінде жыныстық-қатынас жайлы оқырмандарының қойған сұрақтарына жауап берді.

Бұл туралы caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

— Қыз қатты қозып, қыздық перде алынбай қалуы мүмкін бе?

— Иә, мүмкін.

— Жақсы сөйлесіп жүріп, кенеттен жоғалып кететін адамды не деп атаса болады?

— Өзі нені қалайтынын білмейтін адам.

— Ішті қалай кетіруге болады?

— Вакум және жаттығу арқылы, сосын тамақты азайтыңыз.

— Қыздың жыныс мүшесі ылғалданса, пәк болғаны ма?

— Сұрағыңызды түсінбедім, ылғалдану әркімде болады. Қалыпты жағдай қыз екендігін білдірмейді.

— Күйеуім көзіме шөп салып жүр, ажырасқан дұрыс па екен?

— Ең алдымен себептерін анықтаңыз, шешілетін мәселе ме? Шешілетін болса әрекет жасап көріңіз, өзіңіз өзгеруге тырысыңыз. Сосын ғана щешім қабылдаңыз.

— Етеккірі келгенде асты ауырған қалыпты жағдай ма?

— Иә, қалыпты жағдай. Бірінші күндері қатты келеді сол кезде ауыр көтермеңіз, жаттығу жасамаңыз. Дем алу керек.

— Мен қалаймын, бірақ жолдасыма айтуға ұяламын. Жасы үлкенірек. Не істесем болады?

— Ерлі-зайыптылардың арасындағы ұялу- көп нәрсеге алып келеді. Ақырындап өзіңіз білетін жолмен айтып көріңіз.

— Әйел екі-үш рет босанған соң сезбей қалады дейді,сол рас па?

— Көбінесе солай болады. Қынап еттері тонусты жоғалтады. Сол үшін тренажермен жаттығу жасап қалпына келтіру керек.

,,,

Соңғы жаңалықтар