Қыз-келіншектердің құбылмалы мінезіне таң қалмаңыз - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыз-келіншектердің құбылмалы мінезіне таң қалмаңыз

Қыз-келіншектердің құбылмалы мінезіне таң қалмаңыз

Нәзік жандылардың ағзасында болып жатқан түрлі құбылыстарды  гормондар басқарып тұрады.  

  • 3 Қыркүйек 2014
  • 23605
Фото - Caravan.kz

Көңіл-күйі, денсаулығы, сыртқы келбеті, тамаққа тәбеті, ұйқысы, тіпті ақыл-парасаты тап осы гормондарға тікелей байланысты. 

Эстроген, әйел гормоны
Әйел ағзасындағы ең басты гормондардың бірі – эстроген. Оны аналық без бөліп тұрады. Эстроген — қыздардың дене бітімін және мінез-құлқын қалыптастыратын жыныстық гормон.  Әйелдің сымбатты мүсіні, жібектей мінезі, жұмсақтығы, эмоциясы — эстроген гормонының әсерінен.
Сондай-ақ, аталмыш гормон бүкіз адам ағзасындағы жасаушалардың жаңарып тұруына, яғни әйел келбетін жақсы сақтауға, көзінің күлімдеп, шашының сусылдап, бет терісінің жасаруына көмегін тигізеді. Сонымен қатар қан тамырларына холестериннің жиналмауына да эстроген гормонының пайдасы бар.
Демек, әйел ағзасында аталмыш гормон қажетті мөлшерде болуы тиіс.

Эстрогеннің мөлшерден артық және кем болуы
Эстрогеннің мөлшерден артық болғаны іштен төмен жақ, яғни саннның өте толық болуына әкеп соғады. Сондай-ақ,  түрлі қатерлі емес ісіктердің пайда болуына да "кінәлі".
Ал аталмыш гормоннның жетіспеушілігі әйел денесінде  мөлшерден артық жүн шығуына себеп болады.
Сонымен қатар эстроген гормоны жетіспеген жағдайда әйел жылдам қартаяды: терісін әжім басып, шашы селдіреп, күңгірттеніп, жұқара бастайды.

Тестостерон, әйел гормоны

Тестостерон гормоны әйелдің бүйрек безінен бөлінеді.

Тестостерон артық мөлшерде бөлінсе, ер адамға деген құштарлық артады. Тестостеронның арқасында сексуалдық әуестік сезіліп, көздеген мақсатына жету үшін үлкен табандылық пайда болады. Бұл гормон әйелді  қол қусырып отырғызып қоймай, еркектер ауылына  "аңға шығуға" жетелейді. Әйелде тестостерон неғұрлым көбірек болса, соғұрлым ол белсенді өмір кешіп, бұлшық етін шынықтырып, қимыл-қозғалысы жиілейді. Яғни, ылғи қозғалыста болады.

Ал  гормонның тым көп бөлінуі  әйелдің ашушаң және агрессияшыл олуына әсер етеді. Ағзада бұл гормон мөлшерден аз болса, онда  әйелдің жыныстық қатынасқа деген құмартуы тиылады.

Окситоцин, әйел гормоны

Окситоцин –  нәзіктік пен жан тәнімен жақсы көре білу қасиетін тудыртатын гормон. Бұл гормон әдетте бала туғанда көбірек бөліне бастайды. Осыдан-ақ әйелдің дүниеге әкелген нәрестесіне деген шексіз махаббатын көре аламыз.

Окситоцин гормонының мөлшерден артықтығы мен жетіспеушілігі

Күйзеліске ұшыраған кездері  аталмыш гормон көп мөлшерде бөлінеді. Әйелдің күйзеліс кезінде жанұшыра жарына, балаларына жанталасып қамқорлық көрсетуі осыдан болса керек.

Тироксин, әйел гормоны
Тироксин – нәзік жандылардың дене бітімі мен ақылына тікелей әсер ететін гормон.  Зат алмасуды реттеп тұрады, яғни  жылдамдаған сайын әйелдің салмақ қосуы қиындайды, болмаса, керісінше.
Сонымен қатар тироксин әйелдің аңғарғыш, тапқыр, түсінгіш болуына үлесін қосады.  Бұл гормоннның арқасында әйел адам сұңғақ бойлы, терісі тегіс, сымбатты болады. Бір қызығы, дәл осы тироксин гормоны  ер адамның қызығып қарағанын бірден аңғаруға себін тигізеді екен.

Гормон қалқанша безінде құралады.

Тироксиннің мөлшерден артық бөлінуі

Егер әйел ағзасында тироксин  тым көп бөліне бсатаса, әйел жылдам ариды. Сондай-ақ ойын жинақтай алмай, абдырап қалатын сәттер көбейеді. Ойы сан-саққа кетіп,  мазасызданып, ұйқысы бұзылып, жүрегі кеудесінен ытқып шығатындай  күй кешеді.

Ал аталмыш гормон жетіспесе, адамды ұйқы басып, белсенділігіг азайып, семіре бастайды. Және ұмытшақтық пайда болады.


Норадреналин гормоны
Долылық пен қаһармандық гормоны. Күйзелісте жүрген сәтті  бұл гормон бүйрек безінде бөлінеді.  Осыған қарама-қарсы гормон да бар —  үрей гормоны. Ол қауіптен машайық қашуға мәжбүрлейді. Норадреналин болса, керісінше, әйелді шабуылға дайындайды.
Гормон күре тамырларын кеңейтіп, қаныңды басыңа шаптырып, мида таптырмас идеялар тудырады. Беттің ұшы қызарып, бет терісі тегістеліп, ал көзің жайнаңдап шыға келеді.

Норадреналин әйелдерге проблемасын ешкімнен тайсалмай кеудесін тік ұстап шешуге, қиындықтарға мойымай, кез-келген проблеманы оңай шешіп, жарқырап, жадырап жүруге септігін тигізеді. 
Кейбір ер адамдардың байқауынша, күйзеліске түскен кейбір әйелдер  сағы сынбай, тіпті, керісінше реңі әдеміленіп, құлпырып кетуінің куәсі болыпты.
Ешқандай мазасыздық жоқ, ұйқың да қанады. Айта кету керек, түкке тұрғысыз келеңсіз жағдай әдетте әйелді қатты күйзеліске ұшыратып, ұнжырғасын түсіреді. Ал бұл кейде ешнәрсеге мыңқ етпейтін кезеңдер бар, бұған тап осы норадреналин гормоны жауапты болса керек.

Инсулин, әйел гормоны
"Тәтті өмір" гормоны. Ол қанға қалқанша безінен бөлініп, глюкозаны реттеп тұрады. Инсулин қандағы көмірсуларды ыдыратып, глюкозаға айналдырады. Демек, инсулин  бізге өмір сүру үшін күш-қуат сыйлайды.
Кейбір әйелдерде тумысынан инсулин аз мөлшерде бөлінеді, яғни гормоны белсенді емес.
Біз тәтті тағамдарды тым көп жесек, артық глюкоза  ағзамызда айналып келіп, жасушалар мен қан тамырларына жағымсыз әсер етеді. Нәтижесінде диабет пайда болады. Ал тұқымыңызда диабетпен ауырғандар болса, онда сіздің осы дертке шалдығуыңыз әбден мүмкін.
Соматотропин, әйел гормоны
Бұл — күш пен сұлулық гормоны! Гормон гипофизде, яғни ішкі секреция бездерінде — мида бөлінеді. Соматотропин  артық майды ыдыратуда, бұлшық еттің өсуіне,  сіңірдің мықты және созылғыш болуына, омыраудың нығыздалуына жауапты.
Гормоннның кішкене кезде көп бөлінуі бойдың тым ұзын болуына ықпал етеді. Ал ересек кезде соматотропинннің артық бөлінуі иек, саусақ сүйектерінің тым үлкен боп өсуіне әсерін тигізеді.  Екіқабат кезде аталмыш гормонның еріктен тыс бөлінуі нәрестенің бет сүйегінің өсуіне, білек, табан сүйектірінің ірі болуына сеп болады. Алайда  сәби дүниеге келген соң бәрі қалпына келеді. Балалардағы  соматотропиннің жетіспеушілігі  бойының баяу өсіп, кейін мүлдем тоқтауына ықпалы бар.
Егер әйел адам әрдайым ұйқысы қанбай, тағамды молынан ішсе, жиі шаршай берсе — соматотропин гормонының деңгейі азайғаны. Бұлшық еті  әлсіреп, омырау нығыздылығы кемиді. Бұндайда тіпті дене шынықтыру да көмектеспейді.
Гормондар әйел ағзасындағы барлық  процестерді басқарып тұрады. Ал гормоналдық препараттарды қолдану  гормон деңгейінің тепе-теңдігін бұзады. Дәгердің нұсқауынсыз гормоналдық препарат ішуге тыйым салынады.

Соңғы жаңалықтар