"Қыз-келіншектерге көмектеріңіз тиді": Жолдыбаевалар артық салмақтан арылудың жолын ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қыз-келіншектерге көмектеріңіз тиді": Жолдыбаевалар артық салмақтан арылудың жолын ұсынды

"Қыз-келіншектерге көмектеріңіз тиді": Жолдыбаевалар артық салмақтан арылудың жолын ұсынды

Жолдыбаевалар артық салмақтан арылудың жолын ұсынды.

  • 29 Мамыр 2019
  • 40
Фото - Caravan.kz

Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалар әлеуметтік желіде арықтаудың жолын ұсынатын бағдарлама ашып, артық салмақтан құтылуды үйретпек. Күнделікте үйде жасаған жаттығуларын енді олар жұртқа үйреткенді жөн көрген.

"Біз Алтынай екеуіміз күнделікті үйде жасап жүрген жаттығуларымызды сіздермен бөлісеміз деп шештік. Үш аптаға созылатын жүйе бойынша спортпен шұғылданатын боламыз", — дейді Кәмшат Жолдыбаева.

Апалы-сіңілі жұлдыздар сұлулықтың сырымен осылайша әлеуметтік желіде бөлісетін болған. Жолдыбаевалардың жаттығулары желі қолданушыларына ұнап қалған сыңайлы. 

"Жарайсыздар, көптеген қыз-келіншектерге көмектеріңіз тиді", "Сіздерге ризамыз. Жасап жатқан жақсылықтарыңыз алладан қайтсын!", "Керемет жаттығулар! Рахмет, Кәмшат және Алтынай. Істеріңіз оңға бассын!", — деп жазды желі қолданушылары.


Соңғы жаңалықтар