Қызмет көрсету орталықтарында жаппай қысқарту жүруі мүмкін
Еліміздің халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаппай қысқарту жүруі мүмкін. Өйткені келесі жылы наурыз айынан бастап 250-ге жуық осындай мекеме жұмысын тоқтатып, бірыңғай жүйеге көшетін болады. |
Бүгін «Мемлекеттік қызмет көрсетуге» қатысты заң жобасы мәжілісте қаралды. Құжатқа сәйкес енді халыққа қызмет көрсету орталықтарының орнына бір ғана мемлекеттік корпорация құрылмақ. Ол осы мекемелер атқаратын жұмысты толығымен орындайтын болады. Мемлекеттік қызмет саласын дамытуға арналған жоба Канада, Австралия секілді елдердің тәжірибесіне сүйеніп жасалған. Мамандардың айтуынша, тиімді екен. Десе де, еліміз бойынша қызмет көрсету орталықтарындағы 10 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін