Бірнеше күн бұрын «ВАЗ-2115» маркалы көліктің артқы орындығында есік ашық күйінде екі полиция қызметкерінің галстук пен аяқ киімдерін шешіп тастап формамен ұйықтап жатқан бейнажазбасы әлеуметтік желілерде пайда болды.
Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің бүгінгі хабарламасында мәлімделген.
Бейнежазбаға түсірген адам оятуға әрекет еткеніне қарамастан полицейлер ұйықтап жата берген. Бейнежазба авторы таспаға түсіріп жатып олардың әрекетін сынға алған.
Полиция қызметкерлері 4 қыркүйекте тү жарымнан таңғы 8-ге дейін қоғамдық тәртіпті күзетіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз еткенін айтқан. Сағат 8.30-дар шамасында көлік жуатын жердің ашылғанын күтіп жатып 11-ге дейін ұйықтап қалғандарын айтқан.
Полиция қызметкерінің Ар кодексін өрескел бұзғаны үшін ІІД басшысының бұйрығымен олар жұмыстан босатылды.