"Қызсыз ба? Қыз емессіз бе?". Республикалық телеарна эфирінде жүргізушінің қойған сұрағы аға буын журналистердің ашуын келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қызсыз ба? Қыз емессіз бе?". Республикалық телеарна эфирінде жүргізушінің қойған сұрағы аға буын журналистердің ашуын келтірді

"Қызсыз ба? Қыз емессіз бе?". Республикалық телеарна эфирінде жүргізушінің қойған сұрағы аға буын журналистердің ашуын келтірді

"Пендеміз ғой" ток-шоуының кезекті шығарылымы тағы да жұрттың қытығына тиіп отыр. Бұл жолы телебағдарлама авторлары "Қыз емеспін..." деп аталатын тақырыпты көпшіліктің талқысына салыпты.

  • 4 Қаңтар 2018
  • 6171
Фото - Caravan.kz

Осы шығарылымға байланысты өз наразылығын алғаш болып белгілі журналист Арман Сқабылұлы Фейсбуктегі парақшасында айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Мына бір жүргізуші жігіт мына қызға (суретте – ред.) "Қызсыз ба? Қыз емессіз бе?" деп сұрақ қойды. Студияда ақ жаулықты аналар, əжелер отыр. Жеткен жеріміз осы ма? Енді рейтинг үшін тікелей эфирде кейіпкерлерді жыныстық қатынасқа түсіру ғана қалған шығар бұларға! Рухани тозудың шегіне жеттік қой деймін… Бағдарлама соңында бұл жүргізуші кейіпкерінен "Етегіңді жігітіңнен басқа кім түрді?" деп сұрауды да ұмытпады. Міне, эротика! Сөзім жоқ!" дейді А.Сқабылұлы.

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт журналистің бұл жазбасын қолдап пікір білдірген.


"Баламызға қандай тәрбие берерімізді білмей қалдық қой, аяғында. Ізгілікті айтсақ, ондайларды "лоx" көреді. Ұятты айтсақ,"трендті қақпайды" деп күледі, жетесіз бетбақтықты "еркелік" дей салады…Не бұл?! Неге мына "жүргізуші" "мұндайды айта алмаймын, кешіріңіз!" деп, эфирден бас тартпайды?! Күн көру керек, түсінемін! Бірақ сен қазақты мазақ етіп,өзің де абыройсыз қалатыныңды білесің ғой, іштей болса да! Мен иә қартайғанмын, иә алжығанмын! Мен мұны түсінбеймін. Түсінгім де келмейді!" дейді ашуға берілген тележүргізуші.

Соңғы жаңалықтар