Жарияланды: 230

Қызыл труси киген полиция қызметкері масқара болды (ВИДЕО)

Қызыл труси киген полиция қызметкері масқара болды (ВИДЕО)

Талғат Тайланов есімді желі қолданушы facebook парақшасына формадағы полиция қызметкерінің кірпіш қабырғалы әлдебір нысанның тасасында үлкен дәрет сындырып отырған видеосын жүктеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Skifnews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Көліктерінің терезесін ашып қойып, видеоны түсірген жігіттердің емін-еркін сөйлесіп отырғанына қарағанда, олар сол полицейдің өз қызметтестері сияқты. «Тышқақ, еб... Қызыл труси киіп алыпты. Карандаш па?..» - деп ыржалаңдайды.

Оны көрген жүздеген оқырман жазба астына «Әйелдердің түрсиін киіп алған ба?», «Өздерін өздері масқаралап жатқандардан не үміт күтесің?», «Почему они в туалет не ходят? Штраф надо ему выписать», «Беттері емес, дамбалдары қызарып кетіпті ғой» дегендей ашулы, кекесін пікірлерін қалдырып жатыр.

Еске сала кетсек, 2016 жылы Алматыдағы Қарасай батыр-Жароков көшелерінің қиылысында қызметтік көліктің артқы есігін ашып қойып, кіші дәретке отырған полицей де осылай ел-жұртқа күлкі болған еді. Сол кезде Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың: «Әрине, бұл – өте ұятты жағдай. Ол тәртіптік комиссияның алдында жауап берді, жұмыстан шығарылды», – деп мәлімдеме жасауына тура келген.

Одан кейін, яғни 2017 жылы БҚО Ақсай қаласының тұрғындары көппәтерлі үйдің ауласында «қуық босатып» тұрған полицейді видеоға түсіріп алды. Видео авторы оның бетін үлкен қылып, анық көрсеткен. «Менің ойымша, Ақсай қаласының полиция басшылығына өз қызметкерлерінің қалай жүргені қызық болар. Құқық қорғау органында жүріп, осындай әрекеттерге барғаны ұят!»- деп жазған-ды сонда ролик авторы.

Енді міне, еліміздегі тәртіп сақшыларының қуығы сыздап, іші ауырғандағы «тәртіпсіздігі» туралы үшінші дәлел желі кезіп жүр. «Қазақстан полициясы» деген абыройды үлкен-кіші дәреттерімен былғап әлек.

https://www.facebook.com/talgattailanov/videos/2282091951893343/?t=3 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін