Қызылорда облыстық кеденінде ірі көлемдегі ақшаның талан-тараж болғаны анықталды
Қызылорда. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облыстық кеденінде ірі көлемдегі ақшаның талан-тараж болғаны анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық кедендік бақылау департаментінің абспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы өзінің лауазыумдық құзыретін пайдалану арқылы "бірнеше шығын-касса ордерлерінде ақша алуға уәкілетті адамның қолын жасанды қою арқылы 2 млн 110 мың теңгені иемденіп алған", дейді баспасөз қызметіндегілер.
Сөйтіп, әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-тармағының "б" және "г" тармақшалары, 314-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін