Қызылорда облысы әкімі үшін жолды жапқан екі полицей жазаға тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысы әкімі үшін жолды жапқан екі полицей жазаға тартылды

Қызылорда облысы әкімі үшін жолды жапқан екі полицей жазаға тартылды

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов өту үшін жолды жаптық деген екі полицей жазаға тартылды.

  • 16 Қаңтар 2020
  • 113
Фото - Caravan.kz

Өңір басшысы Қазалы ауданына келе жатыр деп жолдағы көліктерді жүргізбей қойған құзырлы орган қызметкерлерінің әрекетіне ашуланған тұрғын оларды жазбаға түсіріп, желіге жүктеген.

Бұл туралы Информбюро-ға сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Видеода екі полицейдің көлікті жаппай тоқтатуынан көшеде кептелістің басталғаны байқалады. Видеожазбада Қазалыға арнайы іссапармен келген облыс әкімі үшін жолдың жабылғаны айтылады.

Қазалыдағы полиция бөлімінің басшысы жазбадағы екі полицейге "әкім үшін жолды жабыңдар", — деп ешкім бұйрық бермеді дейді. Бейнежазбадағы қызметкерлер кімнің тапсырмасымен жолды жапқан, белгісіз. Дегенмен Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың көлігін Қазалының көшелерінен тезірек полицейлерге қызметтік шара қолданылған.