5 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 40°С қатты ыстық күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 95-100%.
05 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей жерде найзағай. Күндіз кей жерде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.
5-6 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 6 шілдеде кей жерде қатты жаңбыр күтіледі.
"Петропавл қаласында 5-6 шілдеде найзағай ойнайды, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%", — делінген ведомствоның хабарламасында
5 шілдеде Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнаса, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.