Қызылорда облысында 6 мың қой өртелді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында 6 мың қой өртелді

Қызылорда облысында 6 мың қой өртелді

Қызылорда облысында қырылған 6 мыңға жуық ұсақ малдың өлекселері жойылды. Мұншама малдың өлуіне қой қырқымынан кейінгі қатты жауған жаңбыр мен күннің күрт салқындауы себеп болған. 

  • 7 Маусым 2014
  • 332
Фото - Caravan.kz


Шиелі, Жаңақорған аудандарында ұсақ мал өткен жексенбіден бастап қырылған еді. Екі күн ішінде өлекселердің саны 6 мыңға жуықтаған болатын. Шаруа қожалықтарының мамандары оларды әр жерге жинап, өртеп жіберді. Ал малдарынан айырылған азаматтарға ешқандай өтемақы төленбейді.