Жарияланды: 80

Қызылорда облысында адам сүйектері шашылып жатыр

Қызылорда облысында адам сүйектері шашылып жатыр

 

Қызылорда облысында шашылған адам сүйектері жұрттың үрейін ұшырды, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл жағдай туралы бейнежазбаны Newscorrқолданушысы Экспресс К редакициясына жолдады. Құмгүл ауылының маңындағы шашылған сүйектерді тұрғындардың бірі байқаған.

Жұрттың айтуынша, құм арасында шашылып жатқан адам сүйектері жиі ұшырасады. Бұл маңда ескі қорымның орны болған. Алайда көшкен құм оларды жауып тастаған.

Қайбір жылдары металл іздеушілер осы маңды қазып, кейін ашылған қабірлерді дұрыс жаппай кеткен. Жаңбыр жауғанда топырақты ағызып әкетіп, мүрделер ашық қалған. Соның салдарынан сүйектер әрбір жерде шашылып жатыр.

Бұларды жинап, бір жерге апарып көмеміз. Қабірде кімдер жерленгені белгісіз. Себебі, бұл қорым ауылдан қашық әрі басында еш белгі жоқ, — дейді ауыл тұрғындары.

Ескі қорымды аударғандардың неліктен бұлай істегені де түсірніксіз. Олар ескертусіз келіп, ешкімге білдірмей қабірді қазған болуы мүмкін. Ал оның салдарын ауылдықтар тартып отыр. Тіпті құмкөлдіктер бұл маңнан адамның елесін көргенін де айтады.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазба жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін