Қызылорда облысында ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі 2004-2010-жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны жүзеге асыруға арнап жыл сайын 10 млрд. теңге бөлу жоспарланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі 2004-2010-жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны жүзеге асыруға арнап жыл сайын 10 млрд. теңге бөлу жоспарланды

Қызылорда облысында ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі 2004-2010-жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны жүзеге асыруға арнап жыл сайын 10 млрд. теңге бөлу жоспарланды

Қызылорда облысында ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі 2004-2010-жылдарға арналған аймақтық бағдарламаны жүзеге асыруға арнап жыл сайын 10 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр.

  • 14 Шiлде 2003
  • 408
Фото - Caravan.kz

Облыстық экономикалық басқармасының бөлім бастығы Мәлік Тұрмановтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, жоба ауылдың инфрақұрылымын дамытуға, ауылды электр жарығымен, газбен және пошталық байланыс қызметімен қамтамасыз етуге, ауылшаруашылығы өнеркәсібі мен әлеуметтік саланы дамытуға арналады.

Айталық, жобада 2004-жылға облыстағы ауылдық жерлерді сумен қамтамасыз етуге 105 млн. теңге , жолдарды күтімге алуға 43 млн. теңге, денсаулық сақтау мекемелеріне 145 млн. теңге, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 70 млн . теңге қарастырылған. 2003-2005-жылдарда жас мамандарға арнап 1000 тұрғын үй салуға облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінбекші.
М. Тұрмановтың хабарлауынша, ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі 2004-2010-жылдарға арналған аймақтық бағдарламаның жобасы 2003-жылдың шілде айының ортасында қабылданады.

Соңғы жаңалықтар