Қызылорда облысында электр қуатының тарифтері көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында электр қуатының тарифтері көтерілді

Қызылорда облысында электр қуатының тарифтері көтерілді

Қызылорда. 6 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында электр қуатының тарифтері көтерілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облыстық басқармасына сілтеме жасап.

  • 6 Желтоқсан 2007
  • 776
Фото - Caravan.kz

«ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облыстық басқармасы облыстың 6 ауданындағы барлық электрмен қамтамасыз етуші ұйымдардың тарифтерді көтеру жөніндегі өтініштерін қарады. Жобада күтілген баға өсімі 38,6 — 54,6 % құрайды», — деп хабарлайды мекеме.

Өтініштерді қараған облыстық антимонополиялық мекеме кейбір аудандардағы электрмен қамтамасыз етуші ұйымдардың бағаларын 1,9 — 8% дейін өсіру мүмкіндігі бар деп тапты.

Басқарманың хабарлауынша, нарықтағы монополиялық ахуалдағы субьектілердің атап көрсеткен бағаны қымбаттатуға түрткі болған басты себеп — Жамбыл ГРЭС-і өндірген қуат бағасының қымбаттауы болмақ.

Қазіргі жағдаймен облыс бойынша ең қымбат электр қуаты Қармақшы ауданында тұтынылады, оған «Даулетэнерго» ЖШС қызмет көрсетеді. 1-желтоқсаннан бастап мұнда 1 кВт/сағ электр қуаты 67,04 теңге тұрады. Бағаның өсімі 4,2 % құрады. Ал ең арзан электр «Жаңақорған Жарығы» ЖШС қызмет көрсететін Жаңақорған ауданында. Бұл аудандағы баға 1 кВт/сағ 5,81 теңгеге бағаланады. Өсім 3,7% құрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті