Қызылорда облысында мал қырылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында мал қырылып жатыр

Қызылорда облысында мал қырылып жатыр

Қызылорда облысында 6 мыңға жуық ұсақ мал қырылып қалды. Шиелі, Жаңақорған аудандарында болған бұл оқыс оқиғаның себебін қазір мамандар анықтап жатыр.

  • 3 Маусым 2014
  • 290
Фото - Caravan.kz


Алдын ала болжам бойынша, бұған қой қырқымынан кейінгі қатты жауған жаңбыр мен күннің күрт салқындауы себеп болған. Десе де, арнайы құрылған топ, өлген малдың қаны мен іш құрылысын зерттеуге жіберді. Сондай-ақ аталған аймақта, шаруа қожалығының мамандары мен аудандық төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері өлекселерді жою жұмыстарын жүргізуде.