Қызылорда облысында құрт ауруының алдын алу үшін қолданылатын вакцинадан кейін сырқаттанған 189 бала анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында құрт ауруының алдын алу үшін қолданылатын вакцинадан кейін сырқаттанған 189 бала анықталды

Қызылорда облысында құрт ауруының алдын алу үшін қолданылатын вакцинадан кейін сырқаттанған 189 бала анықталды

Қызылорда облысында Сербияда өндірілген құрт ауруының алдын алу үшін қолданылатын БЦЖ вакцинасынан кейін ауруға шалдыққан 189 бала анықталды. Бұл туралы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі облыстық комиссияның жиналысында айтылды.

  • 23 Сәуiр 2004
  • 860
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің облыстық басқармасының бастығы Ерсұлтан Қуандықовтың мәліметі бойынша, Арал аймағына аталмыш вакцинаның 71 420 дозасы әкелінген.

Құрт ауруының алдын алу үшін қолданылатын вакцина 6-7, 11-12 жас аралығындағы балалар мен жаңа туған нәрестелерді қоса есептегенде барлығы 13 мың балаға егіліпті. Қазір 60 бала стационарлық жағдайда емделіп жатса, 129 бала түрлі емдеу мекемелерінде амбулаториялық емдеуден өтуде.
Е.Қуандықовтың айтуынша, емдеу барысының ұзаққа созылатындығына және төсек тапшылығына байланысты емделуші сәбилерді ата-анасымен бірге жатқызу үшін эпидемиологиялық уақытша ауруханалар ашу қажеттігі туындап отыр. Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі облыстық комиссия төрағасы Нұрлан Ерімбетов вакцинадан зардап шеккендерді емдеуге қосымша 7,5 млн. теңге бөлу қажеттігін хабарлады.