Келеңсіз оқиға 8 қазан күні 17 сағат 15 минутта Арал қаласында тіркелді. Бұл дертке осындағы Таушанов көшесінде тұратын 1956 жылы туған С. Айдаралиев шалдыққан. Ол «құтырма ауруына күдікті» диагнозымен аудандық жұқпалы ауруханасына жатқызылған.
Ертеңіне, 9 қазан күні 16 сағат 50 минутта науқас «ІІІ дәрежелі құтыру» диагнозынан қайтыс болды.