Қызылорда облысында тұмауға шалдығу көрсеткішінің шарықтау шегі ақпан айында күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында тұмауға шалдығу көрсеткішінің шарықтау шегі ақпан айында күтілуде

Қызылорда облысында тұмауға шалдығу көрсеткішінің шарықтау шегі ақпан айында күтілуде

Қызылорда облысында тұмауға шалдығу көрсеткішінің шарықтау шегі ақпан айында күтілуде,- деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

  • 21 Қаңтар 2004
  • 415
Фото - Caravan.kz

Облыстық басқарма ақпаратына сәйкес, қазір осындағы дәрігерлік қызметтер жоғары дайындық жағдайында жұмыс істеуде. Аурудың таралуына жол бермеу үшін облыстық эпидемиялық қордан 4,1 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға тұмауға қарсы қолданылатын «Ваксигрипп» атты вакцина сатып алынды. Бүгінге дейін үш мыңнан астам адам екпе жұмыстарына қамтылды. Олардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар.

Бүкіл дәріхана желісі тұмауға қарсы дәрілермен қорын толықтырды, ал ауруханалардың инфекциялық бөлімдері тұмауға шалдыққандарды қабылдауға дайын, дейді дәрігерлер.
Дәрігерлер мәліметіне жүгінсек, аймақта тұмау жұқтыру көрсеткіші барған сайын өсе түсуде. Егер 2001-жылы тұмаумен ауырған 689 адам тіркелсе, өткен жылы бұл сан 2139-ға жетті. Олардың тең жартысы балалар.

Соңғы жаңалықтар