Қызылорда облысында ҰБТ өткізу кезінде анықталған бұзушылық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облыстық департаментінің оперативниктері Қызылорда облысының Жаңақорған аудан орталығындағы №163-ші метепте ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткізу кезінде анықтаған бұзушылық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. |
«Облыстық және Байқоңыр қалалық ҰҚКД органдары тергеуалды тексеріс барысында Қызылорда облысының Жаңақорған аудан орталығы болып табылатын Жаңақорған кентіндегі №163-ші метепте 4-ші маусымдағы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) өткізу кезінде тест сұрақтарына жауабы жазылған «шпаргалкалар» болғанын анықтады», - делінген облыстық прокуратура хабарында.
Облыстық прокурор орынбасары К. Әбдіханованың мәліметтерінше, дайын жауаптары бар «шпаргалкалар» үш мектеп бітірушіде анықталған.
Аталған факті бойынша, 5-ші маусымда арнайы қызмет ҚР ҚК 172-ші бап, 1-ші тармағымен (мемлекеттік құпияларды заңсыз алып, жариялап жіберу) қылмыстық іс қозғады. Бұл бап бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыруға болады. Қадағалау органы алдын ала тексеру жүріп жатқанын айтады.
Осы фактіге байланысты ҚР ғылым және білім министрлігінің білім беру саласын қадағалау комитеті Жаңақорған аудандық ҰБТ-нің І-ші ағымының нәтижесін жойды. Жаңақорған ауданында қайтадан тестілеу 10-шы маусымға тағайындалды, делінген хабарда.
Прокуратурадан «Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР Заңының 12-ші бабының талаптарына сай, мемлекеттік құпияларға ҰБТ өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұны мен дұрыс жауаптардың кодын ашатын мәліметтер жатады деп түсіндірді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін