Қызылорда облысында уран концентратын сатпақ болғандар қылмыс үстінде қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 491.71
  • 529.97
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
10 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында уран концентратын сатпақ болғандар қылмыс үстінде қолға түсті

Қызылорда облысында уран концентратын сатпақ болғандар қылмыс үстінде қолға түсті

Қызылорда облысында уран концентратын сатпақ болды.

  • 28 Қазан 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

23 қазанда ҰҚК қызметкерлері Қызылорда облысы аумағында 240 келі уран концентратын сату әрекетінің жолы кесті.

Жүргізілген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 4 мүшесі қылмыс үстінде ұсталды. Олар Қылмыстық кодекстің 283-бабының 2-тармағына (Радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу) сәйкес күдіктеліп отыр.

«Ядролық физика институты мамандарының қорытындысы бойынша, алынған уран концентраты қауіпті радиоактивті зат болып табылады. Көрсетілген заттың сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық және қоршаған орта мен халық денсаулығына қатерлі қауіп төндіреді (радиологиялық және токсикологиялық зардаптар)», — дейді ҰҚК-ның баспасөз қызметіндегілер.


Тергеу мәліметтері бойынша, радиоактивті зат қылмыстық топ өкілдерімен ванадий кен орнын игеретін кәсіпорыннан ұрланған.