Қызылорда облысында "Жасөспірім-2008" арнайы шараларын өткізу кезінде кәмелеттік жасқа толмаған 230 бала ішкі істер органдарына жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында "Жасөспірім-2008" арнайы шараларын өткізу кезінде кәмелеттік жасқа толмаған 230 бала ішкі істер органдарына жеткізілді

Қызылорда облысында "Жасөспірім-2008" арнайы шараларын өткізу кезінде кәмелеттік жасқа толмаған 230 бала ішкі істер органдарына жеткізілді

Қызылорда. 14 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында "Жасөспірім-2008" арнайы алдын алу шараларын өткізу кезінде кәмелеттік жасқа толмаған 230 бала ішкі істер органдарына жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Сәуiр 2008
  • 480
Фото - Caravan.kz

«»Жасөспірім-2008» арнайы алдын алу шараларын өткізу кезінде бір аптаның ішінде аймақтық полиция пунктеріне кәмелеттік жасқа толмаған 230 бала жеткізілді. Олардың 217 түрлі құқық бұзушылық жасаса, 99 ішімдік ішкендігі үшін жауапқа тартылды. Алдын алу шаралары есебіне 41 жасөспірім алынды. Олардың екеуі есірткі және психотроптық заттарды пайдаланса, үшеуі ішімдікке салынғандар, 32 оқудан жалтарып жүргендер «, -деп хабарлады облыстың ІІД жасөспірімдер істері жөніндегі бөлімінің бастығы Гаухар Омарова.

Шараларды өткізу кезінде Жалағаш АІІД полиция қызметкерлері мектеп табалдырығын аттап баспаған екі ағайынды баланы тапқан. «Үлкені жетінші сыныпта, ал кішісі екінші сыныпта оқулары керек «, — деп айтты Г. Омарова.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, балалардың туу куәлігі де жоқ. Балалар таңертеңнен қара кешке дейін біреулердің малын бағумен айналысқан. «Олардың ата-анасы әкімшіліктік жауапқа тартылады»,- деп толықтырды полиция майоры Г. Омарова.

Оның сөздері бойынша, арнайы шараларды өткізу кезінде 11 ата-анаға қатысты әкімшіліктік хаттамалар толтырылды. Тағы да бір адам кәмелеттік жасқа толмаған балаға ішімдік сатқандығы үшін әкімшіліктік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, Қызылорда мектептерінің бірінде жұмыс істейтін бір мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалды. «Сабақ кезінде мұғалім класта «тыныштықты бұзғаны» үшін екі оқушыны бірнеше рет ұрған «, — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі. Медициналық сот сараптамасы бойынша, «келтірілген дене жарақаты жеңіл дәрежелі деп танылды».

«»Жасөспірім-2008» шарасы 7-14 сәуір аралығында өткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті