Жарияланды: 680

Қызылорда облысында жол апаты салдарынан 8 адам зардап шекті

Қызылорда облысында жол апаты салдарынан 8 адам жарақаттанды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Жол апаты Құмкөл-Қызылорда бағытындағы тас жолдың 175-ші шақырымында болып, екі бірдей "Газель" автокөлігі соқтығысып қалған. Апат салдарынан екі көліктің де жүргізушілері мен 6 жолаушы, соның ішінде 12 жасар бала әртүрлі жарақаттармен жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін