Жарияланды: 2400

Қызылорда облысының Қазалы қаласында бала ұрлаған қыз қолды болған ұлдың қиқар мінезіне төзе алмай баланы ата-анасына қайтарып берген

Қызылорда облысының Қазалы қаласында бала ұрлау оқиғасы әшкереленді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қызылорда облыстық ІІБ қылмыстық полициясының бастығы Талғат Ыстықбаев хабарлады. Оның айтуынша, бір жұмыссыз қыз коммерциялық банктердің бірінің аудандық бөлімшесі директорының 5 жасар ұлын алдау жолымен балабақшадан ұрлап әкетіп, баланың ата-анасынан төлемге 15 млн. теңге талап еткен.

Алайда біраз уақыттан кейін қолды болған ұлдың қиқар мінезіне төзе алмаған әлгі қыз баланы ата-анасына өзі қайтарып берген. Қазір бала ұрлаушы қыз тұтқындалып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін