Қызылорда облысының шахматшылары өзара күш сынасты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.77
  • 541.36
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысының шахматшылары өзара күш сынасты

Қызылорда облысының шахматшылары өзара күш сынасты

Қызылорда облысында шахматтан ерлер арасында облыс біріншілігі өтті.

  • 25 Қаңтар 2012
  • 422
Фото - Caravan.kz

Оған Арал, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан және Қызылорда қаласынан 19 шахматшы қатысты.

Классика түрінде өткен доданың қорытындысында қызылордалық Ғалымжан Ибраев 7 ойыннан 6 ұпай жинап, чемпион атанды. Екінші орынға қызылордалық Тимур Қасымов көтерілсе, үшінші орынды жаңақорғандық Әділет Ерсерік еншіледі.

Облыс шахматшылары 20-29 ақпанда Павлодарда өтетін ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысады.