Қызылорда сәулетшілері семинар-кеңес өткізді Қ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда сәулетшілері семинар-кеңес өткізді
Қ

Қызылорда сәулетшілері семинар-кеңес өткізді Қ

Қызылорда қаласында облыс сәулетшілерінің семинар-кеңесі болып өтті. Оған қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары мен сала мамандары қатысты.

  • 23 Маусым 2011
  • 377
Фото - Caravan.kz

Жиынды облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Ұранхаев жүргізді. Бас қосуды ашқан ол семинардың мақсаты ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің биылғы жылдың 2 сәуір күнгі бұйрығын іске асырып, жаңа үлгіде әзірленген сәулет-жоспарлау тапсырмасын облыс аумағында жүйелі түрде қолдану болып табылатынын мәлімдеді.

Соңғы кездері еліміздің құрылыс саласында бірқатар реформалар болып жатыр. Ол туралы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Сержан Нәметша әңгімелеп берді.

— Күні бүгінге дейін елімізде сәулет және жобалау тапсырмасы ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес әзірленіп, жүзеге асырылды. Алайда, ол республика аумағында салынатын құрылыс нысандарының жоба-сметалық құжаттарының нақты, яки дұрыс бағасын есептеуге кері әсерін тигізіп келді. Бұған қоса, ол пайдалануға берілетін нысанды инженерлік жүйелермен қамтамасыз ету барысында қосымша шығындарға әкеліп соғуда, — деді ол.

Қазіргі заңнама талаптарына сәйкес сәулет-жоспарлау тапсырмасы инженерлік жүйелерге қосылуға арналған техникалық шарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстармен қосқанда арыз берілгеннен кейін 8 күннің ішінде берілуі тиіс.

Семинар-кеңесте Қазалы, Қармақшы және Жалағаш аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары көтерілген мәселеге байланысты ой-пікірлерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар