Қызылорда тұрғындары бірнеше күннен бері газсыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда тұрғындары бірнеше күннен бері газсыз қалды

Қызылорда тұрғындары бірнеше күннен бері газсыз қалды

Қызылордалықтар бірнеше күннен бері көгілдір отыннан тарығып отыр. Әсіресе табиғи газ жүйесіне қосылмаған аудан тұрғындары қиыншылық көруде. Баллонға күні қараған жұрт газ таситын арнайы көліктердің жолын торуылдауға мәжбүр.

  • 11 Маусым 2014
  • 214
Фото - Caravan.kz

Жағдайдың ушығуына жауапты мекемелердің тапсырыс қабылдамауы себеп болған көрінеді. Ал өңірді сұйытылған газбен қамтамасыз ететін екі ірі компания бірқалыпты жұмыс істеп тұр. Олар көгілдір отынның жетпеуіне министрлік бекітетін ай сайынғы жоспар себеп дейді. Яғни министрлік таратылуы тиіс өнім көлемін екі есе азайтыпты. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін қазір облыс атқамінерлері жоғарыға хат жолдаған.


Медет Усаин, Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы:

-Хатта министрлік тарапынан бөлінген сұйытылған мұнай газды мұнай компаниясы босатпай отырғандығы және алдағы уақытта газ таратушы мекемеге кем дегенде 750-800 тонна сұйытылған мұнай газ бөлу туралы.