Ал вокзалдың жұмысын екі сағат бойы тоқтатуға тура келді. Табылған қара сөмке бүкіл полиция бөлімшесін аяғынан тік тұрғызды. Саперлар күдікті дорбаны әрі-бері түрткілеп, ішінен бомба емес, ер адамға тиесілі іш киімдерді тапты. Сөйтсе, қол сөмкені Қызылордаға қыдырып келген қонақтардың бірі ұмыт қалдырған екен. Оңтүстік Қазақстан облысының 24 жастағы тұрғыны енді сол ұмытшақтығы үшін сот алдында жауап бермек.