Қызылорда және Маңғыстау облыстарында екі жол апатынан төрт адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда және Маңғыстау облыстарында екі жол апатынан төрт адам қаза тапты

Қызылорда және Маңғыстау облыстарында екі жол апатынан төрт адам қаза тапты

Астана. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда және Маңғыстау облыстарында екі жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Қыркүйек 2008
  • 400
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, Қызылорда облысының Сырдария ауданында Құмкөл — Қызылорда тас жолының 155-ші шақырымында 22 қыркүйекте «Урал» жүргізушісі «Тойота» көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан «Тойотаның» 40 жастағы жүргізушісі мен оның 48 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында Жаңаөзен — Жаңабай тас жолының 5-ші шақырымында 22 қыркүйекте «УАЗ» және «КамАЗ» көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан «УАЗ» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі мен 38 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар