Жарияланды: 790

Қызылордада ғылыми зерттеулер мен өзара айырбас жөніндегі Халықаралық кеңестің бағдарламасына сәйкес "Жазғы интернет-лагерь" жобасы қолға алынды

Қызылорда қалалық ашық интернет орталығы ғылыми зерттеулер мен өзара айырбас жөніндегі Халықаралық кеңестің (IREX) бағдарламасына сәйкес "Жазғы интернет-лагерь" жобасын жүзеге асыра бастады.

Жоба бойынша Қызылорданың "Арай Санрайз" лагерінде 4 адамнан құралған топ компьютерлік сауаттылығын арттырып, интернетке шығуға машықтандыратын 5-күндік курстан өтті. Сондай-ақ, облыстық ақпараттандыру және жаңа технологиялар жөніндегі орталық базасында Қазалы аудандық 6 бала оқытылды. Қызылорда қалалық интернет орталығы төрағасының көмекшісі Елена Сидоркинаның KZ-today тілшісіне хабарлауынша, курс соңында балаларға сертификат табыс етілген. Биылғы жаз маусымында осы жоба бойынша 40 баланы оқытып шығару көзделіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін