Қызылордада халық шығармашылығының байқауы ұйымдастырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада халық шығармашылығының байқауы ұйымдастырылады

Қызылордада халық шығармашылығының байқауы ұйымдастырылады

2014 жылдың 13 маусымынан бастап сағат 20.00-де қалалық мәдени және демалыс саябағында Астана күніне орай «Ел іші - өнер кеніші» атты халық шығармашылығының байқауы ұйымдастырылады. 

  • 10 Маусым 2014
  • 372
Фото - Caravan.kz


Ата-бабаларымыздан бастау алған өнегелі өнерімізді, қазақ халқының терең ойлы шығармашылығын паш ету, танылмай жүрген таланттарды анықтау және олардың өнерін насихаттау мақсатында өткізілетін бұл шараға қалаға қарасты кент, ауылдық округтердегі көркемөнерпаздар қатысады.

Ауыл-аймақтардың өнерге деген ықыласын, ұлт мәдениетіне деген ілтипатын байқататын байқау биыл екінші рет өткізіліп отыр.

Дәстүрге айналған байқау барысында ән-би, хор ұжымдары мен ансамбльдер өз өнерлерін көпшілікке ұсынатын болады.

Қалаға қарасты 2 кент пен 7 ауылдық округте маусымның 13-інен басталған байқау шілде айының 5-і күні қорытындыланады. Осы күні гала-концер пен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мамен хабарлады.