Жарияланды: 380

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық фестивалі басталды

Бүгін таңертең Қызылордада облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тартуы» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың облыстық фестивалі басталды.

Фестивальдің мақсаты облысымыздағы мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өнердің түрлі саласындағы шығармашылық қабілеттерін анықтау, өнерлі балғындарды халық арасында кеңінен насихаттап, көмек қолын ұсыну, қолдау көрсету болып табылады. Фестиваль ән, би, көркемсурет немесе қолөнер, көркемсөз оқу атты 4 жанр бойынша өтуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін