Қызылордада полиция қызметкерін аяғынан атып қашып кеткен қала тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада полиция қызметкерін аяғынан атып қашып кеткен қала тұрғыны ұсталды

Қызылордада полиция қызметкерін аяғынан атып қашып кеткен қала тұрғыны ұсталды

Полиция қызметкерлері қала көшесінде бұзақылық ниетпен, мас күйінде, аңшы мылтығымен полиция қызметкерінің аяқ тұсынан оқ атып, жеңіл ав

  • 5 Сәуiр 2017
  • 314
Фото - Caravan.kz

Полиция қызметкерлері қала көшесінде бұзақылық ниетпен, мас күйінде, аңшы мылтығымен полиция қызметкерінің аяқ тұсынан оқ атып, жеңіл автокөлікке отырып, қашып кеткен 25 жастағы, қала тұрғынын ұстады,-деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап.

Аяғынан жарақат алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 бабы 3 бөлімі, 99 бабының 1 бөлімі, 192 бабының 2 бөлімі және 380 бабтың 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті азамат қамаққа алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.



 

Соңғы жаңалықтар