Қызылордада қант алуға келгендер сағаттап кезекте тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 473.15
  • 515.12
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада қант алуға келгендер сағаттап кезекте тұр

Қызылордада қант алуға келгендер сағаттап кезекте тұр

 Қызылордада тұрғындар арзан қант алу үшін әлеуметтік дүкеннің алдында ұзын-сонар кезекке тұрып жатыр.

  • 21 Маусым 2022
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қалада отыздан астам әлеуметтік дүкенде "ақ алтын" әзірше 370 теңгеден сатылып жатыр. Ал басқа дүкендерде бір килограмм қанттың құны 650 теңгеден асып кеткен.

"Базар жанындағы әлеуметтік дүкенге күнде қант алу үшін келемін. Жақын жерде тұрамын. Таңғы сағат алтыда келіп кезек алып кетемін. Мен келгенде шамамен 40 адам кезекте тұрады. Қайтадан үйге барып, шай ішіп, таңғы ас әзірлеп, кезекке қайта ораламын. Қант керек, саяжайымыз бар. Өрік пісіп, жерге түсіп жатыр. Көбін кептіріп жатырмыз. Бірақ қайнату да керек. Күн сайын бір килограмм қант алу үшін осында келемін. Бір адамға бір келіден артық бермейді", — дейді Қызылорда тұрғыны Аяна Марданова.

Биыл жеміс-жидек қанттан әлдеқайда арзан болып тұр. Жеміс-жидек өсіріп жатқандар тосап қайнату үшін өнімді шелектеп сатып алып жатқандар жоқтың қасы екенін айтады.

"Ягодкадағы" (саяжай кешенінің атауы – авт.) учаскемде жиырма шие ағашы бар. Әйелім екеуміз күні бойы піскен жемісті жинап жатырмыз. Бір килограмын үш жүз теңгеден сатып жатырмыз. Біреу сатып алса қуанамыз", — дейді Виктор Сумароков.

Қызылорда облысының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар 16 тауардың бағасы айтарлықтай өскенін мойындап отыр. Мысалы, күріш, қант, өсімдік майы қымбаттаған.


Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаевтың айтуынша, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу индексі 100,4 процентті құраған. Негізінен қант тапшылығы мен бағасына қатысты мәселе туындайды.

Шенеунік "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК арқылы тұрақтандыру қорына 272 тонна қант сатып алынғанын, ол 38 әлеуметтік дүкен мен сауда орындарындағы 14 әлеуметтік бұрышта арзан бағамен сатылып жатқанын атап өтті.

Облысқа 204 тонна қант жеткізілді. Сонымен қатар еліміздің қант зауыттарынан 680 тонна қант сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.