Жарияланды: 520

Қызылордада Сырдарияның жағалауын бекіту және қорғаныс бөгеттерді реконструкциялау жобасы жүзеге асырыла бастады

Қызылорда. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада Сырдарияның жағалауын бекіту және қорғаныс бөгеттерді реконструкциялау жобасы жүзеге асырыла бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның жалпы құны 16 млрд 570 млн теңгені құрайды. Әкімнің баспасөз қызметінің жетекшісі Марат Дәдікбаевтың айтуынша, жұмыстар оң жағалаудан, Қорқыт ата ескерткішінің маңайынан басталған. Тек осы учаскенің 331 метріне 500 млн теңге бөлінді. Жоба 4 жылға жүзеге асуға тиіс. Қызылорда облысында тасқынға қарсы жұмыстарды жүргізуге бюджеттен 970 млн теңге бөлінген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін