Қызылордада тұрғындар жанармай бекетінің салынуына қарсылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада тұрғындар жанармай бекетінің салынуына қарсылық білдірді

Қызылордада тұрғындар жанармай бекетінің салынуына қарсылық білдірді

Қауіпті құрылыс! Қызылордада жанармай бекетін үйлерге жапсарлас етіп салып жатқан кәсіпкер мен сол маңдағы тұрғындар арасында жанжал туды. Жұрт жаңа көрші түбімізге жететін болды дейді. Кәсіпкер заң талаптарын аяқ асты етіп, жанармай бекеті мен үйлер арасында қалдырылуы тиіс қашықтықты сақтамаған. Сондай-ақ, ауыз су, газ құбырлары мен электр сымдары жүргізілген желі жанына цистернасын орналастырмақ екен. Тұрғындар осыған қарсылық білдіруде. Ал құрылыс сонда да жалғасып жатыр.

  • 4 Шiлде 2014
  • 309
Фото - Caravan.kz

Тұрғындар мен салынып жатқан жанармай бекеті иесінің әңгімесі бүгін де нәтижесіз аяқталды. Бір тарап айғай шығарып, екіншісінің қақпасын жауып алуы әдеттегі жағдайға айналған. Іргеде құрылыс басталғалы бұл ауданның тұрғындарында маза жоқ.

Аманжол Смайылов, Қызылорда қаласының тұрғыны:

Екі жағымызда Шанхай ауданына тарайтын екі газ құбыры бар. Сол екі құбырдың арасына келіп осыны қыстырып жатыр ғой. Жанармай салса, біз тұрған үйді сатып алсын. Сөйтіп сонда тұрсын. Олар күлді де кетті. Белгілі ғой олардың тұрмайтыны. Ал ауырпалығы, зияны бізге тиеді.

Салынып жатқан жанармай бекеті мен үйлерді тек биік қоршау ғана бөліп тұр. Ал заң бойынша ол 100 метр аулақта болуы тиіс. Бірақ нысан иесі құлақ асар емес. Әкімдік те сол кәсіпкердің сөзін сөйлеп отыр дейді тұрғындар. 

Ермек Үркімбаев, Қызылорда қаласының тұрғыны:

–Ақсай деген жұмыс істемейді. Тек қана пайдаға кеткен, кімнің қалтасында ақша бар соған жақтасады. Міне мынаны көріп отыр, сонда да үндемейді. Қорқытса да, қоқан лоққы көрсетсе де үндемейді.

Тұрғындарды, сондай-ақ, ауыз су, газ құбырлары мен электр сымдары жүргізілген желі жанына цистернаның орын тепкені де мазалауда. Апат болса, салдарын ойлаудың өзі қорқынышты. Ал құрылысқа жауапты атқамінерлер жағдайды енді тексеретінін алға тартуда.


Ержан Әмішаев, Қызылорда облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

-Бұл объектіге қатысты жоба-сметалық құжаты дайындалған және мемлекеттік сараптамадан өткізілген. 50 метр тұрғынүй мен май құю бекетіндегі колонкалардың аралығы, ал кейбір жағдайларда 25 метрге дейін кішірейтілуі мүмкін деп көрсетілген. Қазір талап сай немесе келмей тұрғанын айта алмаймын. Оны зерттеп, көріп барып айта аламын.

Бесінші жылға созылып келе жатқан дау-дамайға енді тек сот нүкте қоюы мүмкін. Жұрт жиналып, бірауыздан сотқа шағым берген.