Қызылордада ҰБТ-ның бірінші күнінде 35 үміткер «Алтын белгіні» қорғап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада ҰБТ-ның бірінші күнінде 35 үміткер «Алтын белгіні» қорғап шықты

Қызылордада ҰБТ-ның бірінші күнінде 35 үміткер «Алтын белгіні» қорғап шықты

ҰБТ-дің бірінші күні, яғни 2 маусымда Қызылорда қаласында    30 мектептің түлектері сынақ тапсырып, 35 түлек «Алтын белгіні» қорғап шықты, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәмен.

  • 3 Маусым 2014
  • 569
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, екі оқушы ең жоғары — 122 балл жинады.  Олар — № 11, 136 орта мектептердің түлектері. 169 оқушы 100-ден жоғары баллдың иегері атанды.

Тестілеу қаладағы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ мен «Болашақ» университетінің ғимараттарында өткізілді.

«Болашақ» университетінде тест тапсырған 471 оқушының орташа балы 82,2-ні құрады. Ал Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде сынаққа қатысқан 771 түлектің орташа балы — 73,1 балл.

Ертең 4 маусым күні 16 мектептің түлектері білім сынында бақ сынамақ.