Жарияланды: 550

Қызылордада Университет түлектеріне дипломдар табыс ету рәсімі өтті

Қызылорда студенттер сарайында Қызылорда Мемлекеттік Университетінің 201 түлегіне үздік дипломдар табыс ету салтанаты өтті. Сондай-ақ, оқу орнын үздік бітірген студенттерге Университет ректорының атынан оқуды үздік бітіргені және Университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене араласқаны үшін алғыс жарияланды.

Қызылорда Мемлекеттік Университетінің баспасөз хатшысы Ләззат Нағиятованың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, 2002-жылы 46 мамандық бойынша 1214 студент оқу орнын тәмамдаса, олардың арасынан 181 жас университетті үздік бітірген. Түлектердің 65,3 проценті жұмыспен қамтылып, 49,2 проценті игерген мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр. 2003-жылы 1101 түлек өмірге қанат қақты, олардың 201-і оқу орнын үздік бітірді. 68 адам облыстағы мемлекеттік мекемелерде тәжірибеден өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть