Қызылордада жезөкшелікпен айналысқан үш еркек ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада жезөкшелікпен айналысқан үш еркек ұсталды

Қызылордада жезөкшелікпен айналысқан үш еркек ұсталды

Қызылордада жезөкшелікпен айналысқан үш ер адам есепке алынды.

  • 12 Қыркүйек 2022
  • 279
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда облысының Полиция департаментімен жылдың 7-9 қыркүйек аралығында облыс көлемінде “Stop-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Облыс аумағында атқарылған жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде адам саудасына байланысты 4 қылмыс тіркелсе, оның ішінде жезөкшелікпен айналысуға тартудың бір дерегі, сонымен қатар жеңгетайлықпен айналысудың үш дерегі анықталды. Рейдтік іс-шаралардың жүргізу нәтижесінде қоғамдық орында тиісудің 43 дерегі анықталып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабымен жезөкшелікпен айналысуға үй-жайды ұсынғаны үшін төрт азаматша анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында жеңгетайлықпен айналысқаны үшін бір адам және 10 адам жезөкшелікпен айналысқаны үшін есепке алынды. Жезөкше есебіне қойылғандардың үшеуі ер адам. Бұл бағытта жұмыстардың жүргізілуі өз жалғасын табуда.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qyzylordada-zhezokshelikpen-ajnalysqan-ush-er-adam-esepke-alyndy/


Соңғы жаңалықтар