Қызылордада жоғалған үш қыздың екеуі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада жоғалған үш қыздың екеуі табылды

Қызылордада жоғалған үш қыздың екеуі табылды

Қызылорда қаласында жоғалған үш жасөспірім қыздың екеуі Алматыдан табылды. 

  • 28 Наурыз 2021
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда қаласындағы «Атамекен» балалар ауылынан кетiп қалған кәмелетке толмаған қыздарға қатысты іздестіру іс-шаралары барысында 27 наурыз күні кешкі уақытта олардың екеуінің Алматы қаласында жүргені анықталды.

Жоғалған қыздар біздің тұрғындардың қырағылығы, полицейлердің кәсіби шеберлігі және барлық әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа бағдарларды жаппай тарату арқасында табылды. Қазіргі уақытта қыздар Алматы қаласындағы балалар үйіне жеткізілді.Үшінші кәмелетке толмағанды анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда, — деп хабарлады Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қызылорда қаласы, Аубакиров №102 «А» мекен-жайында орналасқан «отбасы үлгісіндегі Атамекен балалар ауылы» үйінің тәрбиеленушілері 25 наурызда Ділда Нугманова, Любовь Нестерова және  Рано Сабанкулова есімді жасөспірімдер жоғарыда аталған тұрғылықты мекен-жайларынан белгісіз бағытқа шығып қайта оралмауына байланысты Қызылорда облысының полиция департаменті іздеу салған еді.


Соңғы жаңалықтар